"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 4 "Ә" класс оқушылары арасында "Ертегілер әлемі" атты сынып сағаты өткізілді.
Шара барысында, оқушылар топқа бөлініп әрбір кезең бойынша тапсырмаларды белсене орындап, өздері оқыған ертегіден, халқымыздың тұрмыс - салтын, әдеп - ғұрыпын, ертенге деген сенімі мен үміт - арманы, бақыты туралы ойларын ортаға салып талқылай білді. "Қазак ертегілері" кітабынан "Зерделі" ертегісінен сахналық қойылым жасалды.
Мақсаты: ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту, іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту. Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде окушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту. Сөздік қорын байыту, кітап оқуды насихаттау, оқушылар арасында сыныппен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1040-ertegiler-lemi-synyp-sa-aty.html#sigFreeIdee223fcb54