Мектебімізде еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Жолдаев Сабыржан Әнуарбекұлымен кездесу өтті.
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, зиянды заттардан аулақ болуға баулу, білім алушылардың спортқа қызығушылығын арттыру.
Сабыржан Жолдаев - ардагерлер арасында грэпплингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері, жалпы ресейлік ойындарда еркін күрестен II орын күміс жүлдегері, еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Оқушылар чемпионға сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды. Кездесу барысында спортшы өз шеберлігімен бөлісті.
View the embedded image gallery online at:
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1051-erkin-k-resten-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegerimen-kezdesu.html#sigFreeId4a12eaf90f
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1051-erkin-k-resten-lem-chempionatyny-ola-zh-ldegerimen-kezdesu.html#sigFreeId4a12eaf90f