"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Оқуға құштар мектеп»

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай шығармаларын насихаттау мақсатында «Шәкәрімнің рухани мұрасы» атты Шәкәрім оқулары ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақ халқының ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын насихаттау; Жасөспірімдерді ұлы баба мұрасын терең игеріп, танымдық мәнін меңгеруге талпындыру; Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын , өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту, коммуникативтік, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.

Шарада мектебіміздің оқушылары Шәкәрімнің өлеңдерін оқып, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының "Бойы бұлғаң" әнін орындады.

9 - класс оқушылары Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қалқаман - Мамыр" шығармасынан көрініс қойды.

Сондай - ақ оқушылармен бірге "Білім сандығы", "Білгеніңмен бөліс" атты қызықты ойындар өткізілді.

Шара соңында іс - шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.