"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Fast суперқаһармаандары" бағдарламасы

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы «ШЖҚ РМҚ ДДҰ – ның Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен инсульт белгілері туралы хабардар болуға және жедел әрекет ету қажеттілігін арттыруға бағытталған білім беру бастамасы - «FAST Суперқаһармандары» бағдарламасына қатысады.

«FAST Суперқаһармандары» білім беру бағдарламасы – әлемнің 20 - дан астам елінде өткізілетін халықаралық науқан. «FAST Суперқаһармандары» бағдарламасы бойынша балалардың оқуға деген ынтасын және отбасының қалған мүшелеріне білімді тарату үшін ақпаратпен бөлісуге дайындығын қолдана отырып, қоғамдастықтың инсульт белгілері туралы хабардар болуын арттырады.

Бұл 5 - 9 жас аралығындағы балаларға арналған интерактивті білім беру бағдарламасы. Мұнда суперқаһармандардың көмегімен, сондай - ақ қызықты ойындар, конкурстар қолөнер және мультфильмдер арқылы балаларды инсульттің алғашқы белгілерін тануға және оның себебін анықтауға, шұғыл медициналық көмек көрсетуге үйретеді. Инсульт - әлем тұрғындары өлімінің екінші себебі және мүгедектіктің үшінші себебі. Инсультпен ауыратындар ауруханаға кеш жатқызылатындықтан дер кезінде ем қабылдамайды.