Мектебіміздің ата - аналарымен сәуір айының 25-ші жұлдызында
«ЖАҚСЫ МІНЕЗ - ЖАН АЗЫҒЫ»тақырыбында ӘБІЛДАЕВА БИБІГҮЛ ӘБДІШҮКІРҚЫЗЫМЕН кездесу өткізілді.
Әбілдаева Бибігүл Әбдішүкірқызы - Алтын алқа иегері, Мерейлі отбасы Гран При иегері, ҚР - ның Құрметті азаматы, патриоттық белсенділігі үшін медалінің иегері,Ұлағатты ұстазының төсбелгісі иегері, Елеулі еңбегі үшін медалінің иегері, Қазақстанның ең үздік әйелі орденінің иегері, Жоғары соттың төсбелгісінің иегері, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» төсбелгісінің иегері, Облыстық сотта және 3 - ші сотта тәжірибелі медиатор және педагог, «Анаға тағзым»орталығының медиаторы.
Кешіміздің екінші қонағы Калел Бибігүл Маратқызы - көпбалалы ана, күміс алқа иегері, «Бақытты отбасы» орталығының директоры, медиатор.
Кездесу мақсаты: Мінезге түсінік беру. Мінез – өмірлік азық екендігі, мінездің қалыптасуына сыртқы күш пен ішкі күштің әсері, ұрпақтың саналы да жайдарлы мінезді болып өсуіне әсер ету. «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – мінез, жетекшісі – талап, сыншысы – халық» деп даналарамыз текке айтпаған. Мінез - құлық - біздің шар айнамыз. Мінезіміз арқылы ішкі жан - дүниемізді көрсете алатындығымыз туралы ой - пікірлерін білдіру.
Кездесу барысында Бибігүл Әбдішүкірқызы жақсы мінез туралы айта келіп, жақсы мінездің түбі - Отбасы беріктігінде екенін айта кетті. Бибігүл Әбдішүкірқызының сүбелі ойлары мен пайдалы кеңестері кез келген отбасына қажет ақыл - кеңес деп білеміз.
Ата - аналарға түсінігі мол бағыт - бағдар беруде кездесудің маңыздылығы ерекше болды.
Ата - аналар кеш қонақтарына жылы лебіздерін білдірді.
Кеш соңында мектеп басшысы Акгул Мырзабекқызы қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.