"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай мектепішілік "Ұранды елдің-ұрпағы қайсар" атты әскери спорттық сайысы өткізілді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай мектепішілік "Ұранды елдің-ұрпағы қайсар" атты әскери спорттық сайысы өткізілді.

   Мақсаты - оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлықтың беки түсуіне ықпал етіп, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

   "Ұранды елдің - ұрпағы қайсар" атты әскери спорттық сайыс 7-8 класс оқушылары арасында және 4 - кезең бойынша өткізілді:
1. Сақтық тәсілдер (5 ұл, 4 қыз бала);
2. Ер балдар гир көтеру, қыз балдар 1 - минутқа пресс жасау;
3. Автоматты толық емес бұзып, жинау;
4. Арқан тартыс (командалық сайыс).

   7-8 класс оқушылары арасында өткізілген әскери спорттық сайыстың қонағы және әділ-қазылар алқасының мүшесі, "Ақтөбе облысының Таулы Қарабас ардагерлері Одағы" Қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Дюсенбаев Толыбай Олжабаевич болды.

   Әскери спорттық сайыстың қорытындысы бойынша:

1. 8 "а" класс "Жалын" тобы - І орын
2. 8 "в" класс "Қыран" тобы - ІІ орын
3. 7 "а" класс "Қорған" тобы - ІІІ орын

  Барлық командаларды құттықтаймыз!