"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ата-аналар назарына!

№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебіне оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы жылғы 1 - сәуірден бастап жаңа 2023 - 2024 оқу жылына 1 - сыныпқа оқушыларды қабылдау басталатынын хабарлайды.

Білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Құжаттарды қабылдау ата - аналардың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) арқылы www.egov.kz порталы негізінде жүзеге асырылады.

Өтініш беру үшін сайтқа кіріп,өтінішті толтырып,тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек:

- ата - аналардың немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;

- №065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысаны;

- баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуреті.

Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.