"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Негізгі мектепті бітіруші түлектерге аттестат табысталды

Мектебіміздің 9-класс оқушыларына негізгі орта білімі туралы аттестат табысталды.

Алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ақгүл Мырзабековна алып, оқушылардың болашақтарына сәттілік тілеп, аттестаттарын табыстады.

2022-2023 оқу жылы бойынша 90 білім алушының ішінен 9 оқушы үздік аттестатқа ие болды.

Келешектеріңіз кемел, болашақтарыңыз бекем болсын, білімпаз шәкірттер!