Мектебімізде "Бәйтерек" әкелер клубының "Құқық бұзушылық және ата - ананың жауапкершілігі" тақырыбында әкелер семинары өткізілді.
Мақсаты:
- Мектеп пен отбасының өзара байланысын, қарым - қатынасын нығайту;
- Отбасының қарым - қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру;
- Отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін түсіндіре отырып, әкеге деген кұрмет пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- Бала тәрбиесінде Әкенің рөлі ерекше екендігін түсіндіру.
Сонымен бірге, Ақтөбе қаласы Астана ауданы №2ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ УПИ-ы полиция капитаны Муханбетказина Аймереке Нурмуханқызы семинарға қатысып әкелерге тәртіпті бұзу салдарының жауапкершілігі, жаза түрлері жайлы анықтама берді.