"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
«Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі»

✅Мектебімізде 2023 жылдың 17 қазанында «Бастауыш сыныпта цифрлық ресурстарды қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Мақсаты: бастауыш сыныпта күрделі тақырыптарды меңгертуде цифрлық ресурстарды қолдануда № 39 ҚОЖББМ бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибесімен бөлісу.

✅Семинарға «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша КДИ кафедра аға оқытушысы, бастауыш класс мұғалімдері, облыстық курс тыңдаушылары қатысты.

✅Семинар бағдарламасына сай бастауыш класс мұғалімдері- А.Ж.Ниязова, Ж.А.Сельбаева, А.Б.Джаукенова, А.А. Толеушова өз сабақтарында сандық ресурстарды тиімді қолдану әдістерімен бөлісті.

✅Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды табысты оқуға жетілдіру,оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өзекті мәселелері тақырыбы кеңінен талқыланды. Семинар қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.