2023 жылдың 19 қазанында мектепішілік жоспарға сай орыс тілі мен әдебиеті пәндері бірлестігінің "Сабақ барысында оқушылардың назарын қалай аударамыз?» тақырыбында мектепішілік семинары өткізілді.
✅Семинар барысында Ж. М. Шудабаева «Сабақта оқушылардың назарын аударудың әдістері мен тәсілдері» атты коучинг мұғалімдермен өткізді. Әрі қарай «Сабақта оқушылардың зейінін ұйымдастыру» атты тақырыппен А. Ж. Мұхамадиева, семинардың практикалық бөлігінде З. С. Байдильдина орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында назар аударудағы ойын-тәсілдерін көрсетті.
✅Семинар соңында А. Ж. Кыныртаева әріптестерімен оқушылардың назарын аударудағы тиімді жұмыс түрлерімен бөлісті. Әдістемелік бірлестіктің басшысы рефлексия жүргізіп, семинар жұмысын қорытындады. Семинар қызу әрі қызықты өтті. Мұғалімдер практикалық маңыздылығы туралы көптеген ой- пікірлер айтты.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1221-saba-barysynda-o-ushylardy-nazaryn-alaj-audaramyz.html#sigFreeId3f852d63df