"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"Әдістемелік кабинеті"
Ақтөбе қаласының "Әдістемелік кабинеті" КММ жоспары бойынша орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.М. Шудабаеваның "Білім беру процесінің тиімділігін арттыру тәсілі ретінде орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану"тақырыбында шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті. Мақсаты: білім беру процесінде оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдану, әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу арқылы мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. Шеберхана отырысына қала мектептерінің жас педагогтары қатысты№10, №78, №40, №33, №5,№38, Қызылжар ОМ. Шеберхана отырысында алғы сөзді "Әдістемелік кабинет" КММ әдіскері З. Б. Бекниязова құттықтау сөз сөйлеп, өз сөзінде шығармашылық шеберханалар кәсіпқойлықты арттыруға ықпал ететінін, жас мамандардың орыс тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын қалыптастыратынын, бұл олардың педагогикалық қызметіне сөзсіз әсер ететінін атап өтті.
Бірлескен жұмыстың басында шығармашылық шеберхананың жетекшісі Ж. М. Шудабаева "Комплименттер"атты тренингін өткізді. Тренингтің мақсаты топта қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру және шеберхана мүшелері арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Шеберхан жетекшісі Ж. М. Шудабаева мұғалімдермен "Сабақта назар аударудың әдістері мен тәсілдері" атты коучинг өткізді. Одан әрі № 39 мектеп мұғалімі А. Ж. Мұхамадиева "Сабақта оқушылардың назарын ұйымдастыру"тақырыбында теориялық материал ұсынды. "Оқушылардың назарын аудару бойынша жұмыстың тиімді түрлері" шығармашылық шеберханасының практикалық бөлігін топ мүшесі А. Ж. Кыныртаева- №39 мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі жалғастырды.Ол әріптестерімен сабақта оқушылардың назарын аудару бойынша жұмыстың тиімді түрлерімен бөлісті. Отырысты Ж. М. Шудабаева "Еркін микрофон" рефлексиясы арқылы қортындылады.Шығармашылық шеберхананың отырысы қызу әрі қызықты өтті. Жас педагогтар шығармашылық шеберхананың практикалық маңыздылығы туралы, сондай-ақ өздері үшін көп нәрсе алғаны және алған білімдерін өз жұмысында қолданатыны туралы көптеген оң пікірлер айтты.