Республика деңгейінде барлық орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың бір уақытта Асқар Жұмаділдаевтың ұсынған есептерін шығару үшін «Қазақ есебі» челленджі ұйымдастырылып келеді.
Асқар Жұмаділдаев белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның академигі, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты.
Осы орайда мектебімізде «9 айға 9 іс шара»жобасы аясында білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету мақсатында Асқар Жұмаділдаев ұсынған «Қазақ есебі» челленджі 7-11 сынып білім алушыларының қатысуымен өткізілді. Білім алушылардың жұмыстары қорытындыланып, нәтижесі шығарылды.