2024 жылдың 3 - ақпаны күні Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының мемлекеттік мектеп директорлары, білім бөлімдері мен басқармаларының басшылары «Заманауи мектепті басқару: трендтер және болашақ» форумында бас қосты.
«Мемлекет педагогтердің мәртебесін көтеру, инфрақұрылымды дамыту, жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысты барлық міндеттемелерді жүзеге асырып келеді. Ендігі басты міндет – әрбір балаға сапалы білім, саналы тәрбие беру. Еліміздің дамуы білім жүйесінің әрбір саласына және маңызды әлеуметтік институт – отбасына тікелей байланысты болмақ. Тек күш біріктіру арқылы ғана біз оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастырып қана қоймай, балаларды отансүйгіштік, еңбекқорлық, ізгі мақсаттарға жету сияқты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға сәйкес тәрбиелейміз», - деді министр.
'