✅Мектебімізде 22 -ақпан күні Ақтөбе қаласы ІІД қызметкерлері мен білім алушылардың ата-аналары кездесті.
✅Мақсаты: Құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу мен оны болдырмау іс-шараларын жүзеге асыру.
✅Кездесу барысында Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бірінші орынбасары Мадияр Төлеуұлы Акентай, Ақтөбе қаласы Астана ауданы #2ҚПБ бастығы полиция полковнигі Айбек Маратұлы Ергарин ата-аналарға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу туралы, жолда жүру қауіпсіздігі оқиғаларының жасөспірімдер арасында орын алуы, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар жайында айтты. Ата-аналарға балаларының өмір қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды, арандатушылыққа берілмеуді, телефон алаяқтарынан аулақ болу ларын ескертті.
✅Кездесу соңында ата-аналар сұрақтарына жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@obrazovanie_gorod_aktobe
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1294-mektebimizde-22-a-pan-k-ni-a-t-be-alasy-iid-yzmetkerleri-men-bilim-alushylardy-ata-analary-kezdesti.html#sigFreeId8316263374