"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Тоғыз айға тоғыз іс-шара

✅Мектебімізде 1 -наурыз күні «Тоғыз айға тоғыз іс-шара» аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасына орай «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» тақырыбында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында қалалық дебат турнирі өткізілді.Турнирге №4 орта мектебінің «4К» фракциясы , «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп –гимназиясының
«Қазақи пропаганда» фракциясы , А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ-ның «Ахмет ұрпақтары» фракциясы, №28 орта мектептің «Forever» фракциясы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің «Алагеуім» фракциясы, №36 қазақ орта мектебінің «Атагер» фракциясы, №37 орта мектептің «asu»фракциясы, №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің «Үш тоғыз»фракциясы, Ж.Тәшенов атындағы №68 жалпы білім беру орта мектебінің «ШАХ»фракциясы қатысты.

✅Турнирдің мақсаты: Оқушыға білім, тәрбие берудің және оны дамытуға бағытталған оқу танымдық, білім , іскерлік дағдыларды меңгерте отырып, әрбір оқушынының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және жан-жақты кемелденген жоғары дәрежедегі үйлесімді дамыған тұлғасын дамыту. Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

✅Турнирдің қорытындысы бойынша әділ- қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықталып, жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
І орынды №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің «Алагеуім» фракциясы
ІІ орынды №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің «Үш тоғыз»фракциясы
ІІІ орынды «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп –гимназиясының «Қазақи пропаганда» фракциясы иеленді.
«Үздік спикер» номинациясымен «Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп –гимназиясының «Қазақи пропаганда» фракциясының ойыншысы Скакова Индизар, «Үздік төреші» номинациясымен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің «Zhana Gasyt»дебат клубының төрешісі Елемесова Альбина марапатталды.

✅Дебат турнирі өте тартымды өтті.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#оқуғақұштармектеп
#люблючитать #моялюбимаякнига

@medetbekovameruert
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@obrazovanie_gorod_aktobe