"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Мамандықпен ұштасқан - мектептегі білім

✅Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні Ақтөбе сервис колледжінде «Мамандықпен ұштасқан - мектептегі білім» атты шара өтті. ҚР Білім министрлігінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №478 бұйрығы негізінде эксперименттік білім беру бағдарламасы іске қосылған болатын. Осы бағдарлама негізінде мектебімізде 2023-2024 оқу жылында алғашқы эксперименттік топ ашылып, қазіргі таңда білім алушыларымыз Ақтөбе автожол колледжінде және Ақтөбе сервис колледжінде білім алуда. Бүгінгі шарада Ақтөбе сервис колледжінде білім алушыларымыз осы уақыт аралығында үйренген білім –дағдыларымен бөлісіп, өз қолдарымен тіккен киім үлгілерін көрсетті. Осы аралықта өздерін сабақ үлгерімі жағынан белсенділік танытқан білім алушылар мен ата-аналары алғыс хатпен марапатталды.

@aqtobe_bilim_basqarmasy
@obrazovanie_gorod_aktobe
@metodcabinet_aktobe