"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Қазақ тілі мен әдебиеті

2024 жылдың 1-наурызы күні Ақтөбе қаласы №39 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультетінің І курс магистрі Елеусизова Салтанат Усейнғазықызының көршілес Өзбекстан Республикасы, Джизак облысы, Фориш ауданының №72 мектебінің 9 класс оқушыларына «Ұлттық құндылықтар ұлтты құрметтеуден басталады» тақырыбында сабағы өткізілді. Онлайн - сабақты ұйымдастыруда Әлішер Науаи атындағы Ташкент Мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті Университетінің оқытушысы Суюнов Миразиз басшылық етті.

Ұлттық құндылықтарымыз - ұлтымыздың мәңгілік қорғаны. Ал ұлттық қорған бұл біздің ұлттық болмысымызды көрсететін тіліміз, дәстүріміз және рухани мұрамыз екені белгілі. Осы сабақ барысында өзбек елінің оқушыларының сұранысы бойынша қазақ елінің сәлем салу дәстүрі туралы сұрақтарына жауап берілді. Мектебіміздегі «Ақ отау» келіндер клубының мүшелері келіп Маңғыстау өңірінің және Ақтөбенің жергілікті сәлем салуларынан көрініс көрсетті. Сонымен бірге өзбек оқушыларын Қазақстандағы ЖОО туралы мәліметтер қызықтырады екен. Осы ақпаратпен мектебіміздің оқушылары бөлісті. Тағы бір ерекше талқыланған тақырып - Абайдың қара сөздері. Осы бағытта оқушыларымыз қара сөздерді өзбек оқушыларына талдап берді және дайындалған слайдтар көрсетілді.

Сабақ соңында көршілес ағайын өзбек елінің ұстаздары және оқушылары қазақ еліне деген, соның ішінде бүгінгі сабаққа қатысып отырған оқушыларға ерекше ықыластарын білдірді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы сабақтастық жалғасын табады деген сенімдеміз.