✅Мектебімізде 6-наурыз күні "Ата- аналарды қолдау орталығының» бағдарламасына сәйкес «Құмар ойындары – тәуелділік қақпаны» Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігін қалай еңсеруге болады?» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: ата-аналардың интернет-ресурстарды қауіпсіз пайдалану, балалардың ойынға тәуелділігін жеңу дағдыларын дамыту. Міндеттері: 1) балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелеріне қызығушылығын арттыру; 2) ата-аналардың онлайн ойындардағы қауіпсіздік, балаларды интернет-алаяқтардың қауіп-қатерлерінен қорғау мәселелері туралы түсініктерін кеңейту; 3) балаларды компьютерлік ойынға тәуелділіктен қауіпсіз қорғау дағдыларын қалыптастыру. Сабақа барысында спикерлер Г.Басмағамбетова мен Л.Қасымхан балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділігінің алдын алу мәселелері туралы, ата-аналардың интернетті жауапкершілікпен, әдепті түрде және қауіпсіз пайдалану мәдениеті қалыптастыру, қоғамдағы басты мәселе ретінде онлайн-ойындардың балаларымыздың дамуы мен денсаулығына қалай әсер ететіні, компьютерлік ойындарға тәуелділік белгілері бар ойынға тәуелділіктің салдары және балаларға әлеуметтік желілердегі алаяқтықтың алдын алуға көмектесу жолдары туралы айтты. Ата-аналарға балалардың компьютерлік ойындарды пайдалануының «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» талқылауды ұсынылып, постер қорғады. Мектеп психологы ата-аналармен қызықты тренингтер жүргізді. Сабақ соңында ата-аналар мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1317-ata-analardy-oldau-ortaly-yny.html#sigFreeId94ecb58fd6