"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Біртұтас тәрбие

✅"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында мектебімізде 8-наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай "Ал, қанекей қыздар" топтық қыз сыны байқауы өткізілді.

✅Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамдарын қалыптастыру арқылы инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.

✅"Ал, қанекей қыздар" байқауына 7-8 класс қыздары қатысты. Байқау 3 - кезең бойынша өтті.
1. I - тур "Біз қазақтың қыздарымыз" (таныстыру);
2. II - тур "Өнер өрге жетелейді (аруларымыз өз өнерлерін көрсету);
3. III - тур "Білімді мыңды жығады" (салт-дәстүр, әдеп - ғұрыптар бойынша сұрақ-жауап).

✅Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушы ару топтарымыз жүлделі орындар мен номинациялар бойынша марапатталды. Байқау соңында "Еркеназ" қыздар клубының мүшелері сән үлгілерін көрсетіп, көрермен ризашылығына бөленді.