"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
"С любовью к Актобе" атты орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы

Өткен апта қаламыздың 150 жылдық мерейтойына арналған "С любовью к Актобе" атты орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығы болып жарияланған болатын. Сенбі күні аталмыш апталықты қорытындылай мектеп акт залында бірқатар шаралар легі өтті. Атап айтсақ, бастауыш кластың ерекше өнерлі әрі үздік білім алушылары арасында алғаш рет "Лучше всех" кластан тыс тәрбие шарасы ұйымдастырылды.


Аталмыш шараның кішкентай пысық қатысушылары "Егер де мен Президент болсам...", "Балалық шақ дегенді қалай түсінемін" секілді сұрақтарға ой елегінен өткізе суырып салып баяндай жөнелсе, өздері жайлы және өздерінің айналысатын сүйікті істері жайлы әңгімелеп беруді де ұмытпады. Сондай-ақ, көпшілікке арнайы дайындап әкелген өнерлерін ортаға салып көпшілікті сүйсіндірді. Боранбаева Айжамал (1а), Жумагулова Жибек (1ә), Ержан Елхан (2б) және Тажен Нұрасыл (3ә) сынды кішкентай білім алушыларымыз бүгінде бірнеше өнерді қатар алып жүрген үздіктердің үздігі атанған, ән, би, күй, бейнелеу өнеріне жандары жақын жан-жақты тұлға болып қалыптасып келеді. Оқумен қатар өнер мен спортты өмірінің күнделікті дағдысына айналдырған, жаңалыққа жаны құмар, заманауи бұл жас өрендеріміз болашағынан үлкен үміт күттіретін еңселі еліміздің ертеңі.