Домбыра – қазақ халқының қастерлі ұлттық музыкалық аспабы. Бабаларымыздан мирас болып қалған домбыраның тарихи тамыры ғасырларға ұласады. Домбыра – баға жетпес жәдігер, қазақ халқының бойтұмары.
Домбыра тарту арқылы білім алушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасы дариды, рухани дамуына көмектеседі, эстетикалық тұтастықты қалыптастырады.Осы орайда мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай тоғыз айға тоғыз іс-шара жобасы аясында «Күй күмбірі»атты домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.
Білім алушылар мен ұстаздарымыздың қатысуымен домбыраның күмбірлеген үні естіліп, халық күйлері «Тепең көк» пен «Келіншек» орындалды.
”Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.