"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Бала неге сабаққа қызықпайды” тақырыбындағы мектепішілік семинар

27- наурыз күні бастауыш сынып бірлестігі «Бала неге сабаққа қызықпайды?” тақырыбында мектепішілік семинар өткізді.Семинар үш бөлімді қамтыды. 1. ”Озық тәжірибе ортада “ теориялық бөлімінде мектептің зерттеуші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. 2. ”Тапқыр болсаң, тауып көр “ бөлімінде А.Калмангарина, Б. Кеңшілік баланың сабаққа қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық ойындарды цифрлық ресурстарды қолдану арқылы практикалық тұрғыдан көрсетті. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Мақал -мәтелдер сайысында “Quizwhizzer" платформасы арқылы жеңімпаз анықталды. “Тапқыр болсаң, тауып көр” ойыны арқылы оқушыны сабаққа қызықтыру тәсілін С.Керева көрсетті. Әнмен әсемдейік” бөлімінде мектептің МИФ, бастауыш сынып, эстетикалық пәндер бірлестігінің мұғалімдері қазақтың халық әндерін домбырамен орындап, өнерлерімен әріптестеріне көңілді сәт сыйлады. Семинарды өткізу форматының ерекшелігіне әріптестер тарапынан оң баға берілді.