Мектебімізде 2 сәуір күні «Жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік » тақырыбында қыз бала тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медицина қызметкерлері мен 7-11 сынып оқушыларының кездесуі өткізілді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалардың арасында ерте жүктіліктің алдын алу мен болдырмау мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жыныстық тәрбие туралы білімдерін дамыту. Кездесуге Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жас Дәурен»жастар денсаулық орталығының мамандары акушер-гинеколог А.Ж Ұлықпанова , психолог Г.Қ Абдешова қатысып, қыз балаларға жыныстық тәрбие және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мен болдырмау туралы айтты. Кездесу соңында білім алушылар өз сұрақтарына жауап алды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1422-meditsina-yzmetkerlerimen-kezdesu.html#sigFreeIde360013c61