"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ата-аналарды қолдау орталығы

Ата-ананың қолдауы баланың бақытты, сенімді және табысты болып өсуі үшін берік негіз болады. Ол баланың ішкі тірегін қалыптастырады. Осының арқасында қиын жағдайларда адам өзін-өзі қолдай алады, таңдау жасай алады, шешім таба алады. Бала қателесуге құқығы бар екенін түсінеді және қандай жағдай болмасын, жақындары оны қолдайтынын біледі. Өзі де алдағы уақытта қолдаушы ата-ана болады, өйткені ол оны көріп өседі және қалай жасау керектігін біледі. Осы орайда мектебімізде « Ата-аналарды қолдау орталығы » бағдарламасының жоспарына сәйкес « Сенім арту – жетістік кепілі . Қиын жағдайда баланы қалай қолдаймыз? » тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналардың әртүрлі жағдайларда балаға тиімді көмек көрсетуге дайындығын қалыптастыру. Ата-аналардың баласына қандай да бір қиын жағдайда дұрыс және жедел көмек көрсетуге деген ұмтылысын ынталандыру;қиын жағдайларды шешу кезінде ата-аналардың баланың күшті тұстарына сүйену дағдыларын дамыту. Сабақ барысында спикер Л. Қасымхан мен мектеп психологы Г.Минаева қиын жағдайларда баланың жағдайын айырып танитын және ден қоюдың оңтайлы тәсілдерін таңдай алуы туралы, баласының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жедел және психологиялық негізделген қолдау көрсету әдістері туралы, қиын жағдайларды шешу үдерісінде балаға сергек қарауды және оның күшті тұстарына сүйену дағдылары туралы айтты. Сонымен қатар сабақ соңында ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді. Балаларыңыздың тірегі болыңыздар!