1 наурыз күні, мектебімізге көптен күткен ардақты ардагерлеріміз бас сұқты. Олар әрине, Ауған соғысының қаһармандары - Нұрмағанбетов Бауыржан Избасқанұлы және Ереков Бекболат Бектілеуұлы сынды майдангер ағаларымыздың жоғары сынып оқушыларына, салмақты әңгіме, зілді ой, өмірлік естеліктерін ақтарыла айтқан кездесу қонақтары еді.
Әрине, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім ұялатып, рухани және тарихи құндылықтарды қастерлеуге үйретеді. Жастардың зұлмат соғыс жайында көлденең ақпарлардан білмей, ардагерлердің шынайы естеліктерінен естуі аса өзекті. Жоғарғы сынып оқушыларына болашақ Отан қорғаушылар ретінде салтанатты түрде әскерге шақыру қағазы тапсырылып, жиын жағымды естеліктерге ұласты. Жастар тарапынан құрметке бөленген майдангерлер алғыс білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.