Сәуір айының 12-сі күні Ғылым күні аясында мектебімізде Ақтөбе өңірлік Қ.Жұбанов атындағы университеттің филология факультетінің бастамасымен "Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" шығармасындағы ұлттық құндылықтар" тақырыбында семинар өткізілді. Семинар қазақ әдебиеті кафедрасының доценті PhD Кушкимбаева Айнұр Серікбайқызы мен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, магистрант Елеусизова Салтанат Үсейнғазықызының бірлесе ұйымдастыруы нәтежиесінде өтті. Семинарда 9- класс оқушылары автор шығармаларын жан-жақты талдап, талқылап көрсете білді. Автор «Ұшқан ұя» шығармасында балалық шағында көзімен көрген, өзі куә болған, есте қалған оқиғалар арқылы әлеуметтік кезеңді, өзі өмір сүрген қоғамдық өмірді шыншылдықпен суреттейді. Ес біле бастаған кезінен мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі өмірін әсерлі әңгімелейді. Тұлға болып қалыптасуының басты негізі өзінің түлеп ұшқан ұясы екендігін баса көрсетеді. Семинар -тренинг барысында оқушылар шығарма мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын бүгінгі күнмен байланыстыра отырып қорытындылады. Бұл семинардың оқушылар үшін маңызы зор болды.
Семинар соңында оқушыларға сертификат берілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1460-sh-an-ya-shy-armasynda-y-ltty-ndyly-tar-ta-yrybynda-y-seminar.html#sigFreeIdffb2afc851