Бүгін мектебімізде 5-6 сынып оқушыларына Ақтөбе облыстық ІІД жоспарына сәйкес “құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын-алу және болдырмау” мақсатында Ақтөбе қаласы ПБ-ның Астана аудандық №2 ҚПБ-нің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрманов Фархат Қайратұлы және полиция лейтенанты Мүсен Жомарт Халиуллаұлымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында орын алатын құқықбұзушылықтар туралы, қалта ұрлығы, бопсалау, жәбірлену (буллинг), кибербуллинг, интернет ойындары, кешкі уақытта көшеде жүру, электронды темекінің зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1466-y-b-zushyly-pen-kele-siz-zha-dajlardy-aldyn-alu-2.html#sigFreeId6599db5069