"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
“Парасатты отбасы” кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді

Оқу-ағарту министрлігі оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту болып табылады.
Осыған орай мектебімізде 18 -сәуір күні балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынасын күшейту, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында "АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ»
«Парасатты отбасы» кабинетінің ашылу салтанаты өткізілді.
Педагогикалық қолдау орталығының мақсаты: - балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
Ашылу салтанатына мектебіміздің ата-аналары мен ұстаздары қатысты. Ата-аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, білім ордасына тілектерін айтты.