"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Ғалыммен кездесу

✅2024 жылдың 3 мамырында мектебіміздің жас мамандарымен Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Ғалым хатшысы, Философия докторы (PhD) Құлтанбаева Нұргүл Қалдығұлқызымен кездесу өткізілді.

✅Мақсаты: Мемлекет пен қоғам дамуына белсенді қызмет ететін, жаңаша тұрғыдан ойлайтын жас педагог-ғалымдарға аға ұрпақтан жол сілтеу, жас мамандарымыздан идеялар тыңдау.

✅Кездесу мағыналы әрі қызықты өтті. Ғалымға жас мамандарымыз көкейіндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптарын ала білді.Жас мамандар ғалымға естелік сыйлығын табыстап, алғыстарын білдірді.

✅️ Кездесу жас мамандар үшін қызықты, әрі пайдалы болды.