"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Құттықтаймыз

✅Мектебіміздің кішкентай экобелсендісі, мектепалды даярлық класының тәрбиеленушісі Данағұл Айдияр Қасқыр сарқырамасына сенбілік жасағаны үшін марапатталды.

✅️1 мамыр күні әлеуметтік желілерде Қасқыр сарқырамасының жанында сенбілік жасаған балдардың бейнеролигі жарияланды @aqtobe_sergek .

✅️Туристік нысанды тазалауға белсенді қатысқаны үшін "Visit Aqtobe" туристік ақпарат орталығының директоры М.Тайпақов @visitaqtobe мектебімізге келіп, табиғат жанашыры Айдиярға алғыс хат тапсырып, велосипед табыстаса, Қалалық білім бөлімінің басшысының м.а. Ж.Шалабаева қаламыздың табиғатын тазартып, нығаюына үлес қосып жүргені үшін табиғат жанашырын алғыс хатпен марапаттап, спорттық киім сыйлады.