"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
Кәсіби бағдар беру

✅Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні «Ақтөбе құрылыс –техникалық колледж» МКҚК әкімшілігі 9 класс білім алушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында «Өндірістегі бір күн» облыстық кәсіби бағдар беру апталығы аясында ЖШС «Стройдеталь» зауытында экскурсия ұйымдастырды. Білім алушылар зауыттың жұмыс процесімен танысып, зауыттың технолог маманы бірнеше цехтарды аралатып жұмыс барысымен таныстырды. Өндірістік экскурсия білім алушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, болашақта мамандық таңдауын дұрыс жасауға бағыт- бағдар берді. Бірнеше басым бағыттарына тоқтала отырып, толыққанды мәлімет берілді.