"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Мектепішілік олимпиада

Мектебіміздің жұмыс жоспарына сай мамыр айының 14-15 і күндері 2-4 класс оқушылары арасында жаратылыстану пәнінен мектепішілік олимпиада өткізілді.

Мақсаты:

  • Пән бойынша білім сапасын анықтау;
  • Функционалдық және цифрлық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру.

Тест компьютерлік форматта өтті. Олимпиада сұрақтары әр класс бойынша бағдарламалық, танымдық және функционалдық сауаттылықты анықтайтын тапсырмаларды қамтыды. Олимпиаданың әділетті өтілуі мақсатында әр сыныптан ата-аналар бақылаушы ретінде қатысты.