https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1738-otbasy-ndyly-y.html#sigFreeId94724b7a6d
Отбасылық өмірдің басты құндылығы – бұл отбасы мүшелерінің бағалайтын, ардақ тұтатын және қызығушылықтарының тоғысатын жері. Дегенмен, біз отбасын бөлек құндылық ретінде де тани аламыз. Отбасылық құндылықтар – түрлі жарқын сәттер мен жағымды естеліктерден тұратын үйдің өзіндік атмосферасы.
Осы орайда мектебімізде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдауды ұйымдастыру жұмыстары жалғастыруда. «Ата-аналарды қолдау орталығының» бағдарламасына сәйкес «Отбасы құндылығы сарқылмас қазына» тақырыбында 5-9 сынып ата-аналарына кезекті сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Ата-аналардың отбасы бақыты мен ұрпақтар сабақтастығының негізі ретінде отбасылық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысында ата-аналарға отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы, отбасында жағымды психологиялық ахуал орнатуда отбасылық құндылықтардың әлеуеті туралы, ата-аналардың отбасында және баламен қарым-қатынаста әлеуметтік қолдау дағдыларын игеруіне ықпал ету туралы сөз қозғалды. Сабақ өте қызықты өтіп, ата-аналар ризашылықтарын білдірді.