"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
Ата-аналарды қолдау орталығы

Мектебімізде 16 мамыр күні ата-аналарды қолдау орталығының кезекті сабағы «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында 1-4 сыныптың ата-аналарына өткізілді.

Мақсаты:

Ата-аналардың отбасылық әл-ауқатын нығайту үшін прогрессивті дәстүрлерді дамытуға және қолдауға дайындығын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Ата-аналардың прогрессивті отбасылық дәстүрлерді дамытуға және қолдауға деген ұмтылысын дамыту;
  • Ата-аналардың әртүрлі отбасылық дәстүрлер, хоббилер, отбасы мен мектептің оларды нығайтудағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктері туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету;
  • Прогрессивті отбасылық дәстүрлерді құру және сақтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға ықпал ету.

Сабақ барысында спикер Л. Қасымхан отбасылық дәстүрлердің өзектілігі, отбасындағы өзара қарым-қатынас, сүйіспеншілік көріністері, отбасы мүшелері арасындағы сенімді ара-қатынас туралы, отбасының тұтастығына ықпал ететін, адамгершілік және рухани құндылықтарға негізделген отбасылық дәстүрлер мен хоббилер туралы айтты. Сонымен қатар, мектеп психологы Г.Минаева отбасылық дәстүрлерді сақтаудағы, өзара құрмет көрсету мен мектептегі дәстүрлерді жаңғыртудағы ата-аналар мен мектептің қарым-қатынасына психологиялық тренингтер жүргізді.

Ата-аналар өткізілген сабаққа белсенділікпен қатысып, ризашылықтарын білдірді.