https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1742-alaly-zhoba-seminar.html#sigFreeId36cc5ffa95
2024 жылдың 21-мамыр күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінде «Жарқын болашаққа қадам» тақырыбындағы тұрақты дамудың №15 мақсатына сәйкес ұйымдастырылған қалалық жоба-семинар өтті.
Мақсаты:
Мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын дамыту арқылы қоршаған ортаға деген оң көзқарастарын қалыптастыру, табиғатты қорғауға бағытталған өмір сүру салтының басты қағидаттарын ұсыну.
Семинар басында мектеп директоры А.Кисикова мектепте болып жатқан игі жұмыстар жайлы, соның ішінде Тұрақты дамудың мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылған жобалардың жүру барысы туралы таныстырып өтті. «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садыкова кіріспе сөз сөйлеп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Семинар барысында Жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі К.Молдашева «Жарқын болашаққа қадам» тұрақты дамудың 15-мақсатын жүзеге асыру жолында жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті. Биология пәні мұғалімі К.Каратаева мен химия пәні мұғалімі А.Утегенова «Зерттеу тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ізденушілік қабілетін арттыру» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардың практикалық бөлімінде биология пәні мұғалімі Г.Әлібаева «Өсімдік-өмір мәні» гүл өсірудің түрлі құпияларымен бөлісті. Бірлестік мұғалімдері мектепте ұйымдастырылған «Тірі табиғат» бұрышымен, ондағы тіршілік иелерімен таныстырды.
Семинар соңында қатысушылар семинар жайлы пікірлерін ортаға салды.