Мектебімізде 24 мамыр күні "Біз бір-бірімізге керекпіз" жобасы аясында "Бір үйдің баласындай" тақырыбында қорытынды кеші өткізілді.
Мақсаты - оқушылардың сүйіспеншілік, мейірімділік тәрбиелік ықпалын арттырумен қатар, Отанға туған еліне деген патриоттық қарым-қатынасты нығайту.
Жоба жетекшісі Салтанат Жубатқанқызы алғы сөз сөйледі.Жобаның спикер оқушылары жүргізілген жұмыстарды баяндап, оқушылардың қарым-қатынастарын нығайту мақсатында әр түрлі ойындар ойнатылды.
Жобаға қатысушы оқушыларға ашық микрофон айдары ұсынылып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
"Біз бір-бірімізге керекпіз" жобасының соңы караокеде "Бір үйдің баласындай "әнімен аяқталды.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1745-bir-jdi-balasyndadaj-o-ushylardy-patriotty-zh-ne-mejirimdilik-keshi.html#sigFreeId59123eccc8