Бүгінгі жас - ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті, жан-жақты болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор болып табылатыны анық. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында мектебімізде жүйелі де маңызды жұмыстар атқарылады. Мектебімізде 2024 жылдың 24 мамыр күні «Дарынды бала - талантты ұстаз» кеші өтті.
Мақсаты - мектеп абыройын республикалық, облыстық, қалалық деңгейде асқақтатып жүрген білімді де дарынды, өнерлі де талантты шәкірттерімізді мақтан ете отырып марапаттау.
Құттықтаймыз.