Жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
1 қыркүйек - Білім күні.
1 қыркүйек - болашаққа деген сенімнің, ұмтылыс пен талпыныстың белгісі.
Мектебімізде осы айтулы мерекеге орай «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынның құрметті қонағы қала әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлы мектеп табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршіндерге жүрек жарды лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында барша ұстаздар мен оқушыларға сәттіліктер мен табыстар тіледі.
Салтанатты жиын шәкірттердің өнерімен, білім ордасына қадам басқалы отырған бүлдіршіндердің жыр шумақтарымен, қоңыраудың күмбірлі үнімен жалғасты.