"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі"КММ
0
2024 жылдың 9-қыркүйек күні директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г. Уразалина әдістемелік жұмыстардың бір саласы - тәлімгерлік қызмет жөнінде әдістемелік сағат өткізді.
Тәлімгерлер мен тәлім алушылар бойынша шығарылған бұйрықпен таныстырып, тәлімгерлік қызметтің жүргізілу тәртібі мен жұмыс жоспарлары жөнінде түсіндіріп өтті. Тәлімгерлік - педагог лауазымына жұмысқа алғаш қабылданған маманға кәсіби бейімделуге практикалық көмек көрсету бойынша орта білім беру ұйымдарында тәлімгердің ақы төленетін қызметі. Алдағы уақытта тәлімгер мен тәлім алушылардан сапалы нәтиже күтілетіндігі баса айтылды.