Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде жүрегі жылы жандарды көреді. Олар-аяулы анасы, мейірбан әжесі. Бүгінгі мектебімізде «Даналық мектебі» клубының жоспарына сай өткен «Берік отбасы-берік мемлекет» тақырыбындағы І отырыс осының айғағы іспеттес. Себебі, әже-ана-қыз бала -жеңге арасындағы сабақтастықты паш еткен шара болды. Қыз баланың тәрбиесі өте күрделі, аса жауапкершілікті, қадағалауды қажет етеді. Ата-анадан бөлек, қыз бала үшін әженің де тәрбиесі өзгеше әсер бар. Келешекте қыз баланың аяулы ана, парасатты жар, ибалы келін болуы үшін осы әжелеріміздің тәрбиесі аса қажет. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені.
Шара барысында ақ жаулықты әжелеріміз ақ батасын беріп, аналарымыз ақ тілегін жаудырса, келіндеріміз шашу шашып, бауырсақ таратты. Ал оқушы қыздарымыз «Қыз сұлулығы бұрымында» атты шаш өру сәтін көрсетті. Иманды ұрпақтың ибалылығы қос бұрымында екені осында тағы дәледенгендей.
Шара соңында әжелер мен аналар мұндай шараның ұрпақ үшін маңыздылығын баса айтып, жалғасын табатынына сенім білдірді