Мақсаты: ерекше білімді қажет ететін оқушыларымыздың білім және тәрбие қажеттіліктерін сәтті жүзеге асыру, сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын анықтап, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу, және оқушылардың жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, әлеуметтендіру.
Мектебімізде 2024-2025 оқу жылында ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бұзылыстарын түзету мақсатында мұғалім-логопед және арнайы педагог (дефектолог) мамандарының жеке және топтық түзете-дамыту сабақтары басталды.