✅ 7 - қараша күні мектеп - лицейімізде «Білім беру процесінде жасанды интеллекті тиімді енгізу және пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында жоспарға сай мектепішілік семинар - практикум өткізілді.
✅Мақсаты : жасанды интеллект технологияларының оқу процесіне ықпалы туралы ақпараттандыру, оларды қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсету, жасанды интеллект арқылы оқу процесін жеңілдету, автоматтандырылған жүйелердің тиімділігін талқылау.
✅Семинар -практикумда математика пәнінің мұғалімі, магистр Өтениязов Байбол «Жасанды интеллект көмегімен ғылыми жобаны қалай жазамын?» атты тақырыпта «Gemini» және «Alyana Aі» жасанды интеллекті құралдарын пайдаланып ғылыми жобаны аз уақыттың ішінде қалай жазу керектігін және ақпараттың дұрыстығын қалай тексеру керектігін мұғалімдерге түсіндіріп, ғылыми жобаға сай тақырыпта уақытты үнемдеу үшін жасанды интеллект көмегімен презентация жасау тәсілдерін көрсетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
✅География пәнінің мұғалімі Қамбарбек Думан «Жаратылыстану пәнінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайталану» атты тақырыпта «Leonardo ai» және «Gamma» жасанды интеллект құралдарының тиімді тәсілдерін көрсетіп, қазақ тілінде сапалы презентация мен әртүрлі кескінде ерекше суреттерді жасау жолдарын түсіндіріп, семинар барысында пән мұғалімдерімен практикалық жұмыс жүргізді.
✅Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбай Нұртілек семинарда «Тілдік пәндер сабақтарында жасанды интеллект мүмкіндктерін тиімді пайдалану» атты тақырыпта «Magic school ai», « Bing image creator» , «Heygen ai» жасанды интеллект құралдарының көмегімен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі атауларға қатысты әдемі суреттер, анимациялық видеолар жасау тәсілдерін және тілдік пәндер үшін тиімді әдіс - тәсілдерді көрсетті.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1855-mektepishilik-seminar-praktikum-tkizildi.html#sigFreeId43135db9c2