✅ Мектебімізде «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында 5 - 8 сыныптарға арналған «Кім болам?» мектепішілік жобасын жүзеге асыру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.
✅ Мақсаты: білім алушылардың бағдары мен құндылыктарын, сүйікті кәсібін,қызығушылықтары мен болашақ мамандығы туралы көзқарастарын білу, мамандықтарды талдай жане таңдай білуге үйрету, оқушыға өзінің қабілетін, бейімін мамандыққа сай тани білуге дағдыландыру.
✅ Әрбір білім алушының өз болашағына қатысты сұрақтарға жауап іздеуі: Қандай мамандыққа қызығамын? Қандай қасиеттерім мен дағдыларым маған сәйкес келеді? Кәсіп таңдауда қандай қадамдар жасауыма болады? Оқушы осы сұрақтарға жауап беру арқылы өзіне және қоғамға пайдасын тигізетін мамандықты таңдауға бағыт ала отырып болашаққа бағдар жасайды.
✅ Тәрбие сағатында жасалған жұмыс оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен қабілеттерін ашуға, олардың болашақтағы еңбек жолында сенімді қадам жасауына ықпал етеді. Сонымен қатар, өзіне лайықты мамандықты таңдау үшін мектепте және мектептен тыс уақытта түрлі тәжірибелер жинау, зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін түсінуге көмектеседі.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1878-kim-bolam-mektepishilik-zhobasy.html#sigFreeIddc5a37a59c