✅ 22-қараша күні мектеп-лицейімізде жоспарға сай "Мұғалім жұмысын жеңілдететін ақылды көмекшілер" тақырыбында мектепішілік семинар - практикум өткізілді.
✅Мақсаты: Жасанды интеллект туралы түсінік қалыптастыру. Олардың негізгі бағыттары мен қолдану мәселелерін анықтау. Практикалық дағдыларды дамыту арқылы жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу.
✅ Семинар - практикум барысында Калмангарина Анар GhatGPT.com жасанды интеллект арқылы жылдам уақыт ішінде баяндама, қысқа мерзімді жоспарды қалай жазу керектігі туралы, Magicshool.ai жасанды интеллект арқылы дайын мәтіннен жылдам тест құрастыруды және Foxar.education жасанды интеллект арқылы сабақта 3D қолданудың мүмкіндіктерін мұғалімдерге түсіндіріп, өз тәжірибесімен бөлісті және практикалық жұмыстар жүргізді.
✅ Бітімбаев Ізбасар Gamma.app жасанды интеллект арқылы кез-келген тақырыпта жылдам презентация құрастыруды түсіндіріп, мұғалімдермен практикалық жұмыстар жүргізді.
✅ Кеңшілік Ботагөз Piktori.ai жасанды интеллект арқылы мазмұнды суреттерді, мәтінді, дайын презентацияны жылдам бейнежазбаға өзгерту жолдарын мұғалімдерге түсіндіріп, практикалық жұмыстар жүргізді.
✅ Семинар-практикум соңында мұғалімдер "Белгілер" әдісі арқылы кері байланыс берді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1879-mektepishilik-seminar.html#sigFreeId26d78d0c8a