✅ «Болашаққа жолдама» кәсіптік бағдарға бағытталған облыстық жоба аясында
5 - 8 сыныптарға арналған «Кім болам?» мектепішілік жобасын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың
28 - қарашасы мектеп - лицейіміздің білім алушыларына Ақтөбе автожол колледжі, Ақтөбе құрылыс - техникалық колледжі, Ақтөбе сервис колледжі, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледждерінің мамандары келіп көрме ұйымдастырды.
✅ Мақсаты: мектеп - лицейіміздің білім алушыларына жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын, кәсіптік қызығушылығы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту. Оқушыға өзінің бейімін мамандыққа сай тани білуге дағдыландыру.