"№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі"КММ
0
"Азаматтық аңсаған ақын" атты портрет сағаты

Ағымдағы жылдың 12-ші наурызы күні мектеп кітапханасы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, "Оқитын өлке" акциясы аясында ақын Сарышолақ Боранбайұлының шығармашылығына арналған "Азаматтық аңсаған ақын" атты портрет сағатын өткізген болатын.


Шараға құрметті қонақ ретінде Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі "Археология және этнография" бөлімінің меңгерушісі Айнұр Мақсатқызы шақыртылды. Айнұр Мақсатқызы кішкентай оқырмандарға Сарышолақ шығармашылығына арқау болған өмір шындығы туралы жүйелі баяндап, ақынның суырып салмалық қасиетін де ерекше әңгімелеп берді.

Өз кезегінде 6-7 класс оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, Сарышолақ Боранбайұлының өмірбаяны, ұрпақтары туралы, музейде сақталған бұйымдары т.б. төңірегінде әртүрлі сауалдарын қойып, үлкен қызығушылық білдірді.