Ағымдағы жылдың 14 наурызы күні мектебімізде жоспар бойынша өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген болатын.
Сценарий бойынша, Төтенше жағдайлар департаменті кезекшісіне №39 қазақ орта жалпы білім беру мектебінен өрт туралы дабыл 11:00-де келіп түскендігі туралы хабарланды.
Құрамында 6 адам бар кезекші бөлімше оқиға орнына "Газель" АҚА жедел-құтқару жасағымен жетті. Мектептегі Азаматтық қорғаныс штабы мен қызметкерлердің және жедел-құтқару жасағының күшімен мектеп оқушылары мен ұжым қауіпсіз жерге көшірілді яғни эвакуация жасалынды.
Оқиға орнын барлау кезінде үшінші қабатта 2 оқушы қалып қойғаны анықталды. Құтқару бөлімшесі альпинистік станцияны ұйымдастырып, құтқарушылар 2 оқушыны үшінші қабаттан мектептің алдыңғы бетінен терезе арқылы жерге түсірді. Зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, өрт жалыны ауыздықталып сөндірілді.
Өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жоспарлы түрде өтетін шаралардың бірі. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық сақтық шараларын ескерген абзал деп білеміз.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/192-rtke-arsy-o-u-zhatty-u-zh-mystary.html#sigFreeId6020e1c011