Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау жұмыстарын күшейту мақсатында білім беру ұйымдарында өткізілетін “Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн” және “Заң және Тәртіп” айлық акциялары іс шаралар жоспары аясында 2024 жылдың 4 желтоқсан күні “№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі” КММ-де кәмелетке толмаған жасөсмірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты Ақтөбе облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Муталиев Қанат Болатұлы 7-8-9 класс ер балаларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқықбұзушылыққа жол бермеу, буллинг, түнгі уақыттағы жүріс, сабақтан себепсіз қалмау, сабаққа кешікпеу, тыйым салынған заттарды ұстамау жөнінде мәліметтер беріліп, жалпы қала көлемінде болып жатқан қылмыстарға тоқталып түсіндіріп өтті.
Директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Батыргалиев мектеп оқушыларының мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуы, оқушы құқығы мен міндеті, себепсіз сабақтан қалмау және кешікпеу жөнінде түсіндіріп, мектеп формасына қатысты оқушыларға ескерту берілді. “Түнгі қаладағы жасөспірімдер” атты мектеп мұғалімдері мен мектеп инспекторымен бірлесе өткізілетін рейд шаралары өтіп жатқандығы қатаң ескертілді.
https://aqtobemektep39.edu.kz/novosti-kz/1942-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-ma-satynda-y-kezdesuler-zhal-asuda.html#sigFreeId97455a64f8