2024 жылдың 6-желтоқсан күні мектеп - лицейімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналарды педагогикалық қодау орталығының «Балалын логикалық ойлауын дамыту» тақырыбында семинар - тренинг өткізілді.
Семинар барысында спикер Л.Қасымхан ата-аналарға логикалық ойлаудың баланың дамуына тигізіетін әсері туралы, тиімді әдістерді атап көрсетті. Мектеп психологы Г.Минаева баланың логикалық дамуына үй жағдайында қолдануға болатын әдіс-тәсілдер мен жаттығулардың маңыздылығы туралы айтып, ақыл кеңестер ұсынды. Семинар өте әсерлі өтіп, ата-аналар ой-пікірлерін ортаға салып, ризашылықтарын білдірді. Ата-аналарға семинар тренингке қатысқаны үшін сертификат табысталды.
